Елімізде коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды

619

Бүгінде 3 өңір "қызыл аймақта" тұр. 

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 22 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Елімізде коронавирустан 19 адам, СOVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 адам қайтыс болды" деп жазылған ведомствоаралық комиссия таратқан хабарламада.

Өткен тәулікте 1 319 адамнан коронивирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда СOVID-19 жұқтырғандар саны 388 991-ге жетті.

Сондай-ақ елімізде 1 617 науқас коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері СOVID-19-дан барлығы 359 443 адам емделіп, сауығып шықты.

2 маусымдағы мәлімет бойынша 26 137 адам коронавирустан емделіп жатыр.
"Олардың ішінде 9 702 пациент стационарда, 16 435 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 609 адамның жағдайы ауыр, 139 пациенттің жағдайы өте ауыр, 84 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылды хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Қазіргі таңда 3 өңір "қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары;
6 өңір "сары аймақта" тұр: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары;
"Жасыл аймақта": Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу