Коронавирус жұқтырғандар саны 12 пайызға артты

828

Соңғы 5 күннің ішінде тәулігіне 1 мыңнан астам жағдай анықталды.

Коронавирус жұқтырғандар саны 12 пайызға артты Фото: Максим Морозов

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"17 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның оң нәтижемен 226 767 науқас тіркелді. Коронавирусқа шалдыққан 208 074 науқас сауығып шықты. Ақпанда қаңтармен салыстырғанда науқастар саны 30%-ға төмендеді. Сонымен қатар соңғы 5 күннің ішінде тәулігіне 1 мыңнан астам жағдай анықталды. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны 12-пайызға өсті", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Осылайша елімізде эпидемиологиялық жағдай бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы және Батыс Қазақстан облысы "қызыл аймақта". Алматы, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары "сары аймақта". Ал қалған өңірлер "жасыл аймақта". 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу