Елімізде коронавирус жұқтырған жалпы 1261 науқас тіркелді

655

Қазақстандағы коронавирус бойынша 15 сәуір сағат 09:25-тегі эпидемиологиялық жағдай.

Елімізде коронавирус жұқтырған жалпы 1261 науқас тіркелді

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 29 адам тiркелді, Атырау облысында – 1 адам, Шымкент қаласынды – 1 адам, Батыс Қазақстан облысында – 6 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 3 адам, Қарағанды облысында – 2 адам, Нұр–Сұлтан қаласында – 9 адам, Алматы қаласында – 6 адам. ⠀

"Осы сағатта Нұр–Сұлтан қаласы бойынша 291 адам, Алматы қаласында – 364 адам, Қарағанды облысында – 80 адам, Ақмола облысында – 79 адам, Атырау облысында – 70 адам, Жамбыл облысында – 49 адам, Шымкент қаласында – 40 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 24 адам, Ақтөбе облысында – 12 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 26 адам, Павлодар облысында – 11 адам, Маңғыстау облысында – 11 адам, Қызылорда облысында – 124 адам, Батыс Қазақстан облысында – 18 адам, Түркістан облысында – 49 адам, Қостанай облысында – 5 адам, жалпы 1261 науқас тіркелді",– деген мәлімет берді шұғыл штаб.

Осы уақытқа дейін дерт жұқтырғандардың 203-і жазылып шықты. 14 адам аты жаман аурудан қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу