Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тiркелді, деп хабарлады ресми ақпарат көзі.
"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 1 адам жалпы 121 науқас тіркелді",– деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу