29 наурыздағы мәлімет бойынша, 23 797 адам короновирус инфекциясынан (21 691 КВИ+ және 2 106 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 102 пациент стационарда, 15 695 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлады inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 351 адамның жағдайы ауыр, 79 пациенттің жағдайы өте ауыр, 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ хабарламасында.
Айта кетсек, өткен тәулікте коронавируспен 1492 адам тіркеліп, оны жұқтырғандардың жалпы саны 241873-ке жетті. Бүгінге дейін 217168 адам сауығып шыққан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу