Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 290 мыңға жақындады

622

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 19 сәуірдегі ақпарат.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 290 мыңға жақындады Фото: Максим Морозов

19 сәуірдегі мәлімет бойынша, елімізде 38 620 адам короновирус инфекциясынан (38 218 КВИ+ және 402 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

"Олардың ішінде 14 147 пациент стационарда, 24 473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 674 адамның жағдайы ауыр, 176 пациенттің жағдайы өте ауыр, 99 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте тағы 2719 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. Осылайша елде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері оны жұқтырғандардың жалпы саны 289720-ға жетті. Олардың 248096-сы жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу