Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 3105-ке жетіп отыр

674

Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 сәуір сағат 17:35-тегі эпидемиологиялық жағдай.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 3105-ке жетіп отыр

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 27 адам тіркелді, деп хабарлады шұғыл штаб. Оның 5-еуі Шымкентте,1-еуі Маңғыстауда, тағы 4 жағдай Нұр-Сұлтанда тіркелді. Ал Қарағанды облысында – 3, Алматы облысында – 8, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында 3 адамнан дерт анықталды.

"Осы сағатта: Нұр–Сұлтан қаласы бойынша – 616 адам, Алматы қаласында – 927, Шымкент қаласында – 189, Ақмола облысында – 98, Ақтөбе облысында – 65, Алматы облысында – 122, Атырау облысында – 131, Шығыс Қазақстан облысында – 17, Жамбыл облысында – 116, Батыс Қазақстан облысында – 130, Қарағанды облысында – 142, Қостанай облысында – 45, Қызылорда облысында – 187, Маңғыстау облысында – 45, Павлодар облысында – 122, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 124, жалпы 3105 науқас тіркелді",– деп жазылған мәліметте.

798 адам емделіп, жазылып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу