Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тiркелдi, деп хабарлады жедел штабтың ақпарат көзі.
Олардың біреуі – Қызылорда облысында, тағы біреуі – Ақтөбе облысында, 1 науқас – Алматы облысында.
"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам, Алматы қаласында – 84 адам, Қарағанды облысында – 14 адам, Ақмола облысында – 16 адам, Атырау облысы – 16 адам, Жамбыл облысында – 3 адам,
Шымкент қаласында – 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам,
Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 25 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 5 адам, жалпы 372 науқас тіркелді",– деп жазылған ресми мәліметте.