Коронавирус індетін жұқтырған тағы 16 адам тiркелдi, Нұр-Сұлтан қаласында – 7 адам, Атырау облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Қарағанды облысында – 6 адам. Бұл туралы хабарланды.
"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 191 адам, Алматы қаласында – 90 адам, Қарағанды облысында – 21 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы – 18 адам, Жамбыл облысында –5 адам, Шымкент қаласында – 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 6 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 25 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 5, жалпы 402 науқас тіркелді",– деп жазылған жедел штаб мәліметінде.
Осы күнге дейін 26 адам дертінен айықты, олардың 16-сы – Нұр-Сұлтан қаласында, ал 10-ы – Алматыда.
Қайтыс болғандар саны 3 адамға жетіп отыр: Нұр-Сұлтан қаласы – 1
Ақмола облысы – 1, Қарағанды облысы – 1.