Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан асты

754

СOVID-19 бен пневмониядан 96 адам қайтыс болды.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан асты

Қазақтанда өткен тәулікте 7 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өткен тәулікте СOVID-19 жұқтыудың 7 479 дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 557 107-ге жетті.

5 814 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 462 912 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

29 шілдедегі мәлімет бойынша 90 767 адам коронавирустан 
емделіп жатыр. 

"Олардың ішінде 25 714 пациент стационарда, 65 053 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 573 адамның жағдайы ауыр, 332 пациенттің жағдайы өте ауыр, 154 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар COVID-19 бен пневмониядан 96 адам өлімі тіркелді.

Еліміздегі өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Сары аймақта": Түркістан облысы.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 5 275 626 адам, екінші компонентін 3 535 508 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу