Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан төмендемей тұр

1369

Коронавирус пен пневмониядан 140 адам қайтыс болды. 

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңнан төмендемей тұр

Қазақстанда 7 мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 7 671 жағдай тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 641 885-ке жетті.

5 525 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 525 627 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

9 тамыздағы мәлімет бойынша 113 186 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 31 504 пациент стационарда, 81 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 981 адамның жағдайы ауыр, 402 пациенттің жағдайы өте ауыр, 192 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар коронавирус пен пневмониядан 140 адам көз жұмды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Сары аймақта": Түркістан облысы.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы  вакцинаның бірінші компонентін 5 750 698 адам, екінші компонентін 4 382 869  адам салдырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу