Қазақстанда өткен тәулікте 438 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады шұғыл штаб.
Алматы қаласында – 75 (3,4%), Шымкент қаласында – 69 (11,3%), Қарағанды облысында – 67(11,3%), Нұр-Сұлтан қаласында – 56 (3,4%), Жамбыл облысында – 51 (17,5%), Батыс Қазақстан облысында – 38 (9,2%), Атырау облысында – 32 (3,6%), Түркістан облысында – 17 (5,4%), Алматы облысында – 12 (4,2%), Қызылорда облысында – 8 (2,4%), Қостанай облысында – 5 (4,1%), Маңғыстау облысында – 5 (3,0%), Ақтөбе облысында – 2 (0,7%), Ақмола облысында 1 (0,7%) адамнан анықталып отыр.
Осылайша еліміз бойынша осы уақытқа дейін вирус жұқтырғандар саны 8969-ға жетті. 4515 адам ем алып, сауығып шықты.