Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артты

632

Өткен тәулікте Қазақстанда 2400-ден аса адамнан COVID-19 вирусы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артты

Ведомствоаралық комиссия мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 436 дерегі тіркелген. Осылайша, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 425 573-ке жетті. 

Өткен тәулікте 1 134 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері Қазақстанда барлығы 396 396  адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

1 шілдедегі мәлімет бойынша 26 122 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"7 738 пациент стационарда, 18 384 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 488 адамның жағдайы ауыр, 103 пациенттің жағдайы өте ауыр, 68 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ COVID-19 вирусынан 13 адам қайтыс болды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;

"Сары аймақта": Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау, Павлодар облыстары;

"Жасыл аймақта": Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, 1 шілдедегі мәлімет бойынша елімізде коронавирусқа қарсы екпенің I компонентін 3 413 684 адам, II компонентін 2 039 622 адам алды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу