Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азаяр емес

935

479 науқас өте ауыр халде жатыр.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азаяр емес

Қазақстанда өткен тәулікте 7 747 адамнан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 7 747 дерегі тіркелген. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 664 524-ке жетті.

7 512 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 548 362 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

12 тамыздағы мәлімет бойынша 113 155 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 30 769 пациент стационарда, 82 386 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 849 адамның жағдайы ауыр, 479 пациенттің жағдайы өте ауыр, 215 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар COVID-19 вирусы мен пневмониядан 129 адам қайтыс болды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Сары аймақта" тек Түркістан облысы.

Айта кетейік, елімізде коронавирусқа қарсы  вакцинаның  бірінші компонентін  5 939 533 адам,  екінші компонентін 4 563 841  адам салдырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу