Елімізде коронавирус жұқтырғандардың 100 мыңға жуығы жазылды

492

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 073 адам ем қабылдауды жалғастыруда. 

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың 100 мыңға жуығы жазылды

"Стационарларда 2 863 науқас жатыр. 2 210 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 140 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп хабарлады ДСМ бүгін.

Шұғыл штабтың мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте 131 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан.

Аймақтар бойынша
Нұр-Сұлтан қаласы - 5
Атырау облысы - 3
Жамбыл облысы - 49
Батыс Қазақстан облысы - 2
Павлодар облысы - 72

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 99654.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу