Елімізде коронавирус жұқтырғандардың 33,7%-ы балалар

792

Індеттің инкубациялық уақыты 2-14 күнді құрайды, инфекцияның жеңіл, симптомсыз ағымы байқалады.  

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың 33,7%-ы балалар

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйім Біржанова мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

"Бүгінгі таңда республикада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 5 мыңнан астам нысан бар – олар дәрігерлік амбулаториялар, медициналық пункттер, алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары, емханалар. 12 мыңнан астам педиатриялық, терапевтік учаскелер бар. 32 мыңға жуық дәрігер мен 13 мыңнан астам орта медицина қызметкері бар", – дейді Күләйім Біржанова. 

Бүгінде індетке шалдыққандардың 90%-ға жуығы амбулаторлық деңгейде ем қабылдауда.  

"Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен ауыратын 1176 науқасқа талдау жүргізді. Нәтижесінде, 18 жасқа дейінгі балалар 33,7% үлесті, ересектер – 66,3%-ды құрады", – деді Күләйім Біржанова.  

Айта кететіні, елімізде өткен аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттану көрсеткіші 3,2 есеге өсіп, 2558-ден 8 156 жағдайға жеткен. Соңғы тәулікте 2 490 жағдай тіркелді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу