Елімізде коронавирусқа қарсы ерікті вакцинациялау басталды

1151

Елімізде коронавирусқа қарсы ерікті вакцинациялау басталды, деп хабарлайды Atameken Business.    

Елімізде коронавирусқа қарсы ерікті вакцинациялау басталды

 Осылайша, Қазақстан аты өшкір індетті ауыздықтаудың алғашқы қадамын жасап отыр.  Бірінші кезекте екпе қауіпті дертпен күреске жұмылдырылған медицина мамандарына салынады. Әзірге ерік білдіргендерге Ресейден тікелей жеткізілген "Спутник V"-дің 20 мың дозасы егілуде. Ал Қарағандыда шығарылатын препарат тек ақпанның ортасында ғана таратыла бастайды. Соңғы сынақтан сүрінбесе отандық "QazCovid-in" -нің сәуір айында  75 мың дозасы, ізінше ай сайын 500 мың дозасы шығарылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу