Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны миллионға жақындады

582

Елімізде соңғы мәлімет бойынша 53 289 адам коронавирус инфекциясынан (46 444 КВИ+ және 6 845 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны миллионға жақындады

"9 150 пациент стационарда, 44 139 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 669 адамның жағдайы ауыр, 194 пациенттің жағдайы өте ауыр, 130 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",­ – деп жазылған ДСМ хабарламасында.

Айта кетсек, елде бүгінге дейін бұл індетпен ауырғандар саны 910 832-ге жетті. Олардың 852 744-і жазылған.

Індетке қарсы екпе егу жалғасуда. 2021 жылғы 13 қазанда вакцинаның I компонентін 7 947 201 адам, II компонентін 7 022 361 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу