Елімізде коронавируспен 20 мыңнан астам адам ауырып жатыр

757

ДСМ-ның 2021 жылдың 1 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

Елімізде коронавируспен 20 мыңнан астам адам ауырып жатыр Фото: inbusiness.kz

1 наурыздағы мәлімет бойынша, 20 140 адам короновирус инфекциясынан (13 778 КВИ+ және 6 362 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 472 пациент стационарда, 15 668 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 248 адамның жағдайы ауыр, 50 пациенттің жағдайы өте ауыр, 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

Шұғыл штабтың хабарлауынша, өткен тәулікте 622 адам коронавирус жұқтырғандар тізіміне қосылған. Осылайша бұл індетті жұқтырғандардың жалпы саны 213431-ге жетіп отыр. Дегенмен олардың 196889-ы ауруынан айығып, емделіп шыққан. Мысалы күні кеше 547 адам жазылып шығыпты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу