Елімізде коронавирустан 19 мыңнан аса адам емделіп жатыр

810

ДСМ-нің 4 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

Елімізде коронавирустан 19 мыңнан аса адам емделіп жатыр

4 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 053 адам короновирус инфекциясынан (13 227 КВИ+ және 5 826 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ДСМ-ге сілтеме жасап  inbusiness.kz хабарлайды.

Науқастардың 4 418-і стационарда, 14 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 237 адамның жағдайы ауыр, 45 пациенттің жағдайы өте ауыр, 51 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, өткен тәулікте тағы 804 адамнан коронавирус анықталды. Ал 874 адам жазылып шықты. Осылайша елде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері 456666 адам ауырып, оның 199600-і жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу