Елімізде коронавирустан 7 мыңнан аса адам айықты

601

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 7 034 жағдай тіркелген. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 708 379-ға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде коронавирустан 7 мыңнан аса адам айықты

7 416 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 585 298 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

18 тамыздағы мәлімет бойынша 120 313 адам коронавирустан емделіп жатыр. 

"Олардың ішінде 30 123 пациент стационарда, 90 190 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 840 адамның жағдайы ауыр, 561 пациенттің жағдайы өте ауыр, 263 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған.

Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 135 адам қайтыс болды.

2021 жылғы  18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл аймақта": Түркістан облысы.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 183 445 адам, екінші компонентін 4 819 587 адам салдырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу