7-12 шілде аралығында Қазақстанда коронавирус індетінен 111 адам көз жұмды, деп хабарлады шұғыл штаб.
Ақмола облысында 1 адам, Ақтөбе облысында – 5, Батыс Қазақстан облысында – 5, Қызылорда облысында – 4, Қарағанды облысында – 37, Маңғыстау облысында – 4, Түркістан облысында – 7, Павлодар облысында – 1, Нұр Сұлтан қаласында – 18, Алматы қаласында – 24, Шымкент қаласында 5 адам қайтыс болды.
"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады. Қазақстан Республикасында барлығы 375 адам өлімі тіркелді",– деп жазылған штаб хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу