Елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны 21-ге жетіп отыр

821

Аталған жұқпалы дертті жұқтырғандар саны – 2289 адам.

Елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны 21-ге жетіп отыр

Шұғыл штаб коронавирустан Шымкентте тағы бір адамның көз жұмғанын хабарлады. Марқұм 1968 жылы дүниеге келген.

Індеттен барлығы 21 адам қайтыс болды: Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 6, Шымкент қаласында – 4, Ақмола облысында – 4, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Қарағанды облысында – 1, Қостанай облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Түркістан облысында – 1.

Еліміз бойынша 2289 адамның қауіпті індетті жұқтырғаны анықталса, 560 адам емделіп, дертінен айығып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу