Елімізде коронавирустан көз жұмғандар саны 100-ге жетті

601

15877 адам індет жұқтырған.

Елімізде коронавирустан көз жұмғандар саны 100-ге жетті

Коронавирус індетінен 3 науқас көз жұмды, деп хабарлады шұғыл штаб.
Нұр-Сұлтан қаласында 1946 және 1952 жылы туған екі әйел мен 1963 жылы дүниеге келген ер адам қайтыс болды.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады",– деп жазылған хабарламада.

Осылайша, бүгінге дейін аталған дерттен көз жұмғандар саны 100-ге жетіп отыр: Нұр-Сұлтан қаласында – 24, Алматы қаласында – 15, Шымкент қаласында – 12, Ақмола облысында – 6, Ақтөбе облысында – 1, Атырау облысында – 3, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 6, Қарағанды облысында – 9, Қостанай облысында – 2, Маңғыстау облысында – 2, Павлодар облысында – 13, Түркістан облысында 5 адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу