Елімізде коронавирустан тағы 110 адам көз жұмды

748

395 науқас өте ауыр халде жатыр.

Елімізде коронавирустан тағы 110 адам көз жұмды

Қазақстанда COVID-19-дан 110 адам, пневмониядан 16 адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 7 481 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 595 433-ке жетті. 

6 177 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері Қазақстанда 489 135 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 

3 тамыздағы мәлімет бойынша 102 839 адам коронавирустан емделіп жатыр. 

"Олардың ішінде 29 138 пациент стационарда, 73 701 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 707 адамның жағдайы ауыр, 395 пациенттің жағдайы өте ауыр, 197 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 126 адам өлімі тіркелді.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Сары аймақта": Түркістан облысы.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның  бірінші компонентін 5 млн 480 мың 94 адам, екінші компонентін 3 млн 941 мың 941 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу