Елімізде коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

1509

Осы уақытқа дейін вирусты жұқтырған 325 адам тіркелді.

Елімізде коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болудың екінші дерегі тіркелді. Бұл туралы жедел штабтың ақпарат көзі хабарлады.

50 жастағы науқас 2020 жылы 21 наурызда жедел медициналық жәрдем бригадасы арқылы ауруханаға жатқызылды.

Қайтыс болған адам бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген екен. Жұмысы жиі іс-сапарлармен байланысты болған. Марқұмның отбасы мүшелері мен жұмысындағы қызметкерлерден тұратын жақын байланыста болған 31 адам ауруханаға жатқызылып, байланысқа түсуі ықтимал 55 адамға үй карантині белгіленді. Кейіннен отбасы мүшелерімен жақын араласқан екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Елімізде вирус жұққандардың жалпы саны 325-ке жетіп отыр. Оның дені Нұр-Сұлтан қаласында – 175 адам. Алматы қаласында – 82, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысы – 10, Ақтөбе облысында – 3, Алматы облысында – 8, Атырау облысында – 13, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2, Қарағанды облысы – 13, Қызылорда облысы – 8, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысында – 1,Солтүстік Қазақстан облысында 2 адам тіркелді.

Жазылып шыққандар саны  21:  Нұр-Сұлтан қаласында – 14, Алматы қаласында – 7.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу