Елімізде коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

868

Қазақстандағы коронавирус бойынша 15 сәуір сағат 12:30 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай.

Елімізде коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 8 адам тiркелді, Қарағанды облысында – 1 адам, Нұр–Сұлтан қаласында – 3 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам. Бұл туралы ресми дерек көзі хабарлады.

"Осы сағатта Нұр–Сұлтан қаласы бойынша 294 адам, Алматы қаласында – 370 адам, Қарағанды облысында – 81 адам, Ақмола облысында – 80 адам, Атырау облысында – 70 адам, Жамбыл облысында – 49 адам, Шымкент қаласында – 40 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 24 адам, Ақтөбе облысында – 13 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 26 адам, Павлодар облысында – 11 адам, Маңғыстау облысында – 11 адам, Қызылорда облысында – 126 адам, Батыс Қазақстан облысында – 18 адам, Түркістан облысында – 49 адам, Қостанай облысында – 5 адам, жалпы 1275 науқас тіркелді",– деп жазылған шұғыл штаб хабарламасында.

Аталған індеттен бүгін тағы бір адам көз жұмды, осылайша елімізде covid 19 құрбандарының саны 15-ке жетіп отыр.

Ауру жұқтырғандардың 203-і емделіп шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу