Елімізде коронавирустан жазылғандар көрсеткіші 87%-дан асты

615

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов әлемде эпидемиологиялық жағдай тұрақтыз екенін жеткізді.  

Елімізде коронавирустан жазылғандар көрсеткіші 87%-дан асты

Оның айтуынша, қазіргі кезде 218 елде коронавирусты 81 миллион адам жұқтырған. 

"Оның ішінде 1 миллион 700 мың адам көз жұмған. Біздің елде коронавирусты жұқтырған адамдардың саны 152 460-қа жетті. Қазіргі кезде коронавирустан жазылғандар саны 87%-дан асты. Бұған дейін маусым және шілде айларында бұл көрсеткіш 60%-дан аспаған еді. Елімізде коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес. Қазақстан төменгі қауіп аймағынан біркелкі қауіп аймағына, яғни "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. Атырау, Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстары қазіргі уақытта "қызыл" аймақта болса, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Солтүстік Қазақстан "сары" аймақта", - деді ол.

Бүгінде елімізде індетті анықтайтын 132 зертхана жұмыс істеп тұр. Олар күніне 100 мың сараптамаға жасай алады. Сондай-ақ, республика бойынша ауруханаларда 51 126 төсек орын әзірленген. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу