Қазақстанда 12 өңірінде коронавирус инфекциясынан 231 адам жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде тағы 231 адам коронавирустан емделіп шықты. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 70, Алматы қаласында – 9, Шығыс Қазақстан облысында – 16, Ақмола облысында – 12, Ақтөбе облысында – 5, Маңғыстау облысында – 6, Қостанай облысында – 2, Жамбыл облысында – 16, Батыс Қазақстан облысында – 16, Павлодар облысында – 7, Қарағанды облысында – 46, Қызылорда облысында – 26.
Бүгінге дейін Қазақстан бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны – 41065-ті құрады. Оның ішінде жазылды – 13 845, қайтыс болды – 188 адам.