Елімізде коронавирустың басқа штамдарына ұқсас ықтимал мутация анықталды

1016

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп Covid-19 штамдарын анықтайтын экспресс ПТР-скринингтің жаңа әдістемесі енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавирустың басқа штамдарына ұқсас ықтимал мутация анықталды

"2021 жылғы 17 наурызда Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы Алматы қаласы бойынша КВИ-мен ауыратын науқастардан алынған зертханалық үлгілерді зерделеді. Зерттеу нәтижелері бойынша "британиялық", "оңтүстік африкалық", "бразилиялық" штамдарға ұқсас ықтимал мутация анықталды. Мутацияны және оның осы штамдардың біріне жататынын нақты растау толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін бір ай ішінде айқындалатын болады",– дейді Денсаулық сақтау министрлігінен.

Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының мәліметіне сүйенсек, қазір Қазақстанда қолданылатын Гам-КОВИД-Вак (Спутник V) вакцинасы "британиялық" штамға қарсы да тиімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу