Елімізде көші-қон ағынын есепке алу үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құрылмақ

525

Қазақстанда көші-қон ағынын есепке алу үшін көшіп-қонушылардың 13 бағыты бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе құрылады.

Елімізде көші-қон ағынын есепке алу үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құрылмақ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл ел шекарасынан өткен Қазақстан және шетел азаматтарының келу мақсатын, тұру мерзімінің бірыңғай есебін жүргізуге көмектеседі.

"Азаматтар мобильді қосымша арқылы қызметтерді сатылы түрде онлайн алатын болады, сонымен қатар ақпараттық жүйе арқылы бюджетке салық түсімдерінің есебін жүргізуге, жұмыс берушілердің кадрлардағы жергілікті қамтуды сақтауын бақылауға да болады. Басты мәселе – ішкі нарықты қорғау. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту арқылы жергілікті кадрларды біртіндеп дайындауға міндеттенетінін түсінуіміз керек. Сондай-ақ шетелдіктердің медициналық қызмет, әсіресе Қазақстанға барған кезде денсаулық пен басқа да қойылатын талаптарға сәйкес анықтамалар алуына мониторинг жүргізіледі. ҚР көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтап, көші-қон процестеріне байланысты барлық мәселені реттеуге ниеттіміз", - деді Ілияс Испанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу