Елімізде көші-қон заңнамасын бұзған 6 мыңнан аса шетелдік ұсталды

514 шетелдік Қазақстаннан шығарылды. 

Елімізде көші-қон заңнамасын бұзған 6 мыңнан аса шетелдік ұсталды Фото: baq.kz

Елімізде "Мигрант" жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

"Полиция шетелдіктердің тұратын мекенжайлары, құрылыс объектілері, нарықтар, шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексеруде. Операцияның алғашқы аптасының нәтижелері бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 6836 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 1814 шетелдіктердің мемлекетте болу тәртібін бұзуы, 1886 шетелдіктердің заңсыз жұмыс жасап жатқан фактілері мен 356 заңсыз жұмыс күшін пайдалану фактілері анықталды", – деп хабарлады ІІМ.

Полицияға шетелдіктердің келуі туралы хабарламаны уақытылы жолдамаған 2727 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Мемлекетіміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 514 шетелдік Қазақстан Республикасынан тыс шығарылды. Оның ішінде 130 шетелдік мәжбүрлі түрде тыс шығарылды. Барлық шетелдіктерге Қазақстан Республикасына келуіне 5 жылға дейін тыйым салынған", – деп хабарлады ІІМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу