Білім беру гранттары белгіленген тәртіппен конкурс негізінде ҰБТ-да ең жоғары баллға ие болған үміткерлерге берілді. Барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін барулары қажет.
Еске салсақ, желіде түлектер ЖОО-ға түсу грантының басым бөлігі су тасқынынан зардап шеккендерге берілгеніне қарсы шыққан еді. Олар петиция жариялап, министрлікті сотқа берді. Содан соң әлеуметтік желілер мен БАҚ-та биылғы түлектерге қосымша 10 мың грант бөлінгені туралы ақпарат тараған еді. Алайда ғылым және жоғары білім министрлігі бұны жоққа шығарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу