Елімізде қосымша жұмыс іздеушілердің саны артты

306

Соңғы бір айда Қазақстанда 300 мыңнан астам адам түйіндемелерін жаңартқан.  

Елімізде қосымша жұмыс іздеушілердің саны артты Фото: pixabay.com

Ресми деректі Ұлттық статистика бюросы таратты. Бұл еңбек нарығының мүмкіндіктеріне қызығушылықтың артқанын көрсетеді. Өтініш бергендердің дені - екі мегаполисте. Алматы (38%) және Астана (21,5%). Жұмыс іздегендердің тең жартысына жуығының жоғары білімі бар. Соңғы бір айда 7 мыңнан астам адам жаңа жұмыс орнына орналасқан.

Жалпы еліміздегі 1,4 миллионнан астам отандасымыз нормадан артық жұмыс істейді екен. Өткен жылдың IV тоқсанында жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 9 миллионға жетті.

Солардың жұмыс кестесін зерттей келе мамандар мынандай тұжырым жасаған: "7,1 млн адам аптасына 36-40 сағат, ал 1,4 млн адам 40 сағаттан артық еңбек етеді. Бұл - Ұлттық статистика бюросының есебі. Шамадан тыс жұмыс істейтіндер 16-34 жас аралығындағы жастар. Олардың саны жарты миллионнан асады. 35-тен 44 жасқа дейінгі қазақстандықтар да аптасына 41 сағаттан көп еңбектенеді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу