Елімізде күн қайтадан жылына бастайды

461

"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан бойынша алдағы үш күнге – 2025 жылдың 4 наурызы мен 6 наурызы аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.

Елімізде күн қайтадан жылына бастайды Фото: pixabay.com

Түнде ауа температурасының жоғарылауы күтілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

  • республиканың батысында және солтүстік-батысында 0-8°С дейін;
  • солтүстікте, орталықта -5-15°С дейін;
  • шығыста -7-18°С дейін;
  • оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында -8°С +2°С дейін.

Бұл ретте, гидрометеорологиялық орталықтың хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

"Жақын күндері республикадағы ауа райын Баренц теңізі аймағынан келетін циклон анықтайды, онда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр және қар) күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, қар жауып, екпінді жел соғады деп болжануда", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу