Елімізде күн сайын 1 млн маска өндіріледі

690

Вице-премьер "үш сынақ" өсиетін еске алды.

Елімізде күн сайын 1 млн маска өндіріледі Фото: ortcom.kz

Маска тапшылығын жою үшін алдағы күндері елімізде тәулігіне 1 млн дана маска өндірілетін болады. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов Үкімет үйіндегі онлайн-брифингте айтты.

"Медициналық бетпелер мәселесіне келсек, бұл Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін ескерткім келеді. Бүгінгі күнде Қазақстанда 365 мың маска шығарылады. Алдағы күндері өндіріс көлемін күніне 1 млн данаға дейін жеткізуді нақты мақсат етіп қойдық", – деген ол көнеден келе жатқан "үш сынақ" өсиетін еске алды.

"Құрметті отандастар, бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдай барша мемлекеттер үшін үлкен сын сағаты болып отырғаны белгілі. Өткен бабаларымыздан қалған үш сынақ қағидасы бар: бақ сынағы, қиыншылық сынағы, өлім сынағы деген. Бүгінгі жағдай адам баласына ғана емес, мемлекетімізге, тәуелсіздігімізге түскен сынақ болып отыр. Ұлтымыз өз тарихында бұл сияқты сынақтардан қаншама рет ауызбіршіліктің арқасында өткен, адамгершілік арқасында халық болып жабыла көтерген. Бүгінгі ұрпақ та бірлесе жұмыла отырып, ортақ шешімдеріміздің арқасында барлық мәселелерді еңсеретінімізге толықтай сенеміз", – деді вице-премьер.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу