Шұғыл штабтың мәліметінше, өткен тәулікте 658 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы қаласында 102 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Үш мегаполис ішінде жұқтыру көрсеткіші осы Алматыда жоғары болып отыр. Одан кейінгі орында Ақмола облысы тұр – 78 адамда коронавирус анықталды.
Өзге де өңірлерде:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 65;
- Павлодар облысы – 77;
- Қостанай облысы – 62;
- Шығыс Қазақстан облысы – 55;
- Алматы облысы – 48;
- Батыс Қазақстан облысы – 46;
- Қарағанды облысы – 27;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 37;
- Атырау облысы – 24;
- Қызылорда облысы – 6;
- Шымкент қаласы – 17;
- Ақтөбе облысы – 5;
- Жамбыл облысы – 5;
- Түркістан облысы – 3;
- Маңғыстау облысы – 1;
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 214089.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу