Қазақстанда онлайн-банкингті белсенді пайдаланушылар саны жылдам қарқынмен өсуде. Биылғы бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, көрсеткіш 23,1 млн бірлікке жетті.
Ranking.kz дерегінше, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14,3% артық. Сонымен қатар, 2019 жылы елімізде бұл секторда бар болғаны 5 млн белсенді пайдаланушы болған.
Бұл үрдіс тек Қазақстанға ғана тән емес, бұл әлемде бар. Жаһандық цифрлық банкинг пайдаланушыларының саны 2024 жылға қарай 3,6 млрд-қа жетеді деп болжануда. Мобильді банкингті пайдаланушылардың 94%-ға жуығы цифрлық банкинг қызметтеріне айына кемінде бір рет қол жеткізетінін айтады. Мысалы, АҚШ-та банктік шот иелерінің шамамен 89%-ы өз қаржысын басқару үшін мобильді банкингті пайдаланады.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы жетекші банктердің мобильді қосымшалары тек негізгі банктік қызметтердің жиынтығы ғана емес, жалпы көптеген түрлі қызметтер мен мүмкіндіктерді қамтитын үлкен экожүйе.
Айта кету керек, ҚР халқы цифрлық банкинг қызметтерін пайдалануға дайын: елде цифрлық сауаттылық айтарлықтай жоғары. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 88,3%-ға жетті.
2021 жылы цифрлық сауаттылық деңгейі 87,3%, 2020 жылы — 84,1%, 2019 жылы — 82,1%, 2018 жылы — 79,6% құрады. Көрсеткіш дербес компьютерді, смартфонды, планшетті, ноутбукты пайдалану; стандартты бағдарламаларды пайдалану; интернет арқылы сервис пен қызметтерді тұтыну дағдылары бар 6–74 жас аралығындағы пайдаланушылардың үлесін көрсетеді.