Елімізде күнбағыс майы өндірісі бір жылда 46%-ға өсті

675

Қазақстанда өткен жылы 960,5 мың гектар болған күнбағыс тұқымына арналған егіс алқабы биыл 1 млн гектарға дейін ұлғайды, деп хабарлайды inbusiness.kz ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.   

Елімізде күнбағыс майы өндірісі бір жылда 46%-ға өсті Фото: Google

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егін жинау аяқтауға жақын. Бүгінгі таңда фермерлер бұл дақылдың егіс алқаптарының 96 %-ын жинап, шамамен 1,2 миллион тонна күнбағыс бастырды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп.

"Сонымен қатар, күнбағыс майын өндіру көлемі өсіп келеді. Биылғы қыркүйекке қарай кәсіпорындар 352,3 мың тонна шығарды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 46,3%-ға артық.

Отандық күнбағыс майының бір бөлігі экспортқа шығарылады. 2022 жылдың басынан бастап шетелге 173,1 мың тонна өнім сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп", - деп жазды ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу