Елімізде күнбағыс тұқымының экспортына квота енгізілуі мүмкін

845

Ауыл шаруашылығы министрлігі күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын шығаруға шектеу енгізетін бұйрық жобасын әзірлеген.

Елімізде күнбағыс тұқымының экспортына квота енгізілуі мүмкін

Құжат Әділет министрлігінің қарауында жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы eldala.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған дейін Ауыл шаруашылығы министрі 1 қыркүйектен бастап жемшөп пен азық-түлік экспортына квота енгізілетінін хабарлаған еді.

Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің қауымдастығындағы сарапшылардың пікірінше, күнжарамен қатар майлы шикізат экспортына да квота енгізу қажет.

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі күнбағыс тұқымын экспортқа шектеуді көздейтін "Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын әзірлегенін хабарлады. 

Қазіргі таңда құжат Әділет министрлігінің қарауында жатыр.

"Аталған жоба күнбағыс тұқымының экспортына 15 мың тонна және күнбағыс майына 32 мың тонна көлемінде квота белгілеуді көздейді. Шектеу 2022 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу