Елімізде күнкөріс шегі ақпанда 1,8 пайызға өсті

931

Елімізде күнкөріс шегі ақпанда 1,8 пайызға өсті

Қазақстанда 2017 жылдың ақпанында күнкөрі шегінің мөлшері  22219 теңге (қазіргі - 313,79/$1) болды. Бұл қаңтармен салыстырғанда 1,8%-ға көп.

Статистика мамандарының мәліметі бойынша, ақпанда  күнкөріс шегі мөлшерінің жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 13331 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 8888 теңгені құрады.

Мекеменің дерегіне сәйкес, күнкөріс шегінің мөлшері өткен айда 13 жасқа дейінгі балаларда – 17922 теңге, 14-17 жастағы жасөспірімдерде – 28059 теңге, дәл осы жастағы қыз балаларда – 21502 теңге, жұмысқа жарамды ерлерде – 26414 теңге, әйелдерде – 20970 теңге, зейнеткерлер мен қарттарда 20801 теңгені құрады.

Айта кетейік, Қазақстанда 17,7 млн-нан аса халық бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу