Бүгін Астана қаласында сәулеті ерекше мешіт ашылды. Ашылу салтанатты рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды muslim.kz.
"Бүгін – күллі мұсылман қауымының рухани өмірінде тарихи күн. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында елімізде тұңғыш рет постмодернизм стилінде салынған мешіт есігін айқара ашты. Баламалы энергия көздерімен қамтамасыз етілетін нөмірі бірінші құтханамыз құтты болсын, ардақты ағайын! Біз мұндай нығметке елдігіміз бен ерлігіміздің, бірлігіміз бен тәуелсіздігіміздің арқасында жеттік. Аллаға сансыз мақтаулар болсын! Осы мешіттің салынуына қамқорлық танытқан, ел қамында жүрген елбасы мен ел ағаларына Алла разы болсын!", – деді салтанаты шарада сөз алған бас мүфти Серікбай қажы Ораз..
Бас мүфтиден кейін сөз алған ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев жамағатты жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.