Зауыттың өзі тамыз айында ашылады деп күтіліп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Онда Chery, Changan, Haval көліктері өндіріледі.
Алматыдағы зауыттан Ресейге жеткізілетін алғашқы Changan CS55 Plus кроссовері болуы мүмкін.
Оның Ресей нарығына шығуы 2025 жылдың күзінің соңында өтуі тиіс. Қазақстаннан көліктер утиль ақысы төленіп экспортталатын болады.
Құрамына Astana Motors Manufacturing Kazakhstan кіретін Astana Motors ресейлік нарыққа шығу мүмкіндігін ресми түрде растады.
"Қазір біз Қазақстанда шығарылған Changan автокөліктерін Ресей нарығына жеткізудің құқықтық және техникалық аспектілерін, соның ішінде қолданыстағы заңнаманы, сауда келісімдерін, сертификаттау және техникалық реттеу талаптарын зерделеуді жалғастырудамыз, сондай-ақ олардың логистикалық және экономикалық орындылығын бағалаудамыз", – деп мәлімдеді.