Елімізде құрғақ саумал өндірісі 2 есе артады

856

Елімізде құрғақ саумал өндірісі 2 есе артады

Бие сүтінің құрғақ түрін өндіру алдағы жылы 2 есе артып, 30 тоннаға жеткізіледі. Сонымен қатар оны шетелге экспорттау да жоспарда бар. Бұл жөнінде бүгін саумал ұнтағын шығарумен айналысатын отандық жалғыз компания өкілдері мәлімдеді.

Өнімге сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Сондықтан компания өндіріс технологиясын жетілдіріп, оны еліміздің түкпір-түпіріне және алыс-жақын шетелдерге жылдам жеткізудің жолын қарастырып жатыр.

95 пайыз табиғи өнімнен тұратын ұнтақтың денсаулыққа пайдасы зор. Бірақ бағасы көңіл көншітпей тұр.

"Бағасы осы күнде сәл қымбаттау. Оны білеміз. Бағасы – 30 мың теңге. Бір құтыда 500 грамм. Оны таңертең, түсте, кешке де ішуге болады", – дейді компания өкілі Меруерт Өмірбекқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу