Бұл туралы Қазақстан фермерлері қауымдастығының Абай облысы бойынша филиалының басшысы Серік Байғалиев айтты.
"Қазір Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының шаруалары құрғақшылықтан зардап шегіп отыр. Су тапшылығы проблемасы қант қызылшасы, жүгері, пияз, сәбіз, қырыққабат, картоп дақылдарына әсер етті. Ол құрғақшылықтың кесірінен бұл көкөністер қымбаттауы мүмкін, ал тұрақтандыру қорлары тапшылық кезінде халық сұранысының ғана 10%-ын өтей алады", – деді спикер.
Алдын ала мәліметтер бойынша, келтірілген шығын көлемі 3,5 млрд теңгеге бағаланып отыр, деп қосты сарапшы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу