Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығы БҰҰ дамыту бағдарламасымен бірлескен жоба аясында құрғақшылыққа мониторинг жүргізу және оны болжау негізінде құрғақшылыққа ден қою жүйесін құру бойынша жұмыс істеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
Жобаның компонентін іске асыру барысында барлық мүдделі орган өкілдері үшін құрғақшылыққа ден қоюдың аумақтық жоспарларын пайдалану дағдыларын оқыту және пысықтау бойынша бірқатар тренингтер қарастырылған.
"Тренинг барысында Орталық пен Қазгидромет сарапшылары мен консультанттары құрғақшылық жөніндегі болжамды бюллетеньннің жаңа дизайнының жобасын және басқа да жобаларды таныстырады. Оның аясында
ұсынылған материалдар ұлттық және жергілікті деңгейлерде құрғақшылықты болжау мен оған ден қоюда Қазақстан Республикасының әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Бірінші тренингті 1 наурызда Көкшетаудағы М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының базасында өткізу жоспарланып отыр