Елімізде құрма импорты азайып келеді

83

Негізгі жеткізуші – Иран Ислам Республикасы.      

Елімізде құрма импорты азайып келеді Фото: irna.ir

Қазақстан құрма импортын 2014 жылғы 10,8 мың тоннадан 2021 жылы 43,1 мың тоннаға дейін едәуір арттырған. Одан кейін көрсеткіш 32–39 мың тонна аралығында тұрақтады, деп жазады inbusiness.kz сайты naryk.kz порталына сілтеме жасап.

Ал 2025 жылы импорт 32,5 мың тоннаға дейін төмендеді (2024 жылмен салыстырғанда -16% және 2021 жылмен салыстырғанда -25%). Ақшалай көлемі шамамен 14,1 млн доллар болды (2024 жылмен салыстырғанда -15%.

Негізгі жеткізуші – Иран. Оның үлесі бүкіл кезеңде басым (2025 жылы жалпы көлемнің 81%-ы). 2021 жылға дейін Иранның үлесі 96%-дан жоғары болған.

Сондай-ақ Израиль, Алжир және Сауд Арабиясы елдерінен де құрма импорттаймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу