Елімізде құрылыс саласы цифрландыруда

746

Компаниялардың ақпараттық технологияларды енгізуге байланысты шығындары 31%-ға өсті.  

Елімізде құрылыс саласы цифрландыруда

Қазақстан экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту ел саясатының негізгі міндеттері болып табылады. Бұл мәселе "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. Елімізде экономиканың барлық дерлік салалары белсенді цифрландырылуда, бұл еңбек өнімділігінің артуына және капиталдандырудың өсуіне әкеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Ел экономикасын цифрландыру, атап айтқанда, құрылыс саласына да әсер етті. Алайда қазіргі кезде құрылыстағы жаңа технологиялар бұрынғыдан да тез дамып келеді. Бұл факт технологияларға инвестициялардың өсуімен расталады. McKinsey сауалнамасында әлемдегі ең ірі 2500 құрылыс компаниясы 2013 жылдан бері ғылыми-зерттеу жұмыстарына шығындарын 77%-ға арттырғанын хабарлады.
Қазақстанда құрылыс индустриясындағы компаниялардың жаңа технологияларға шығындары өсуде. Мәселен, 2017-2019 жылдары осы бағытта шығындар 61,7 млрд теңгеге жетті - бұл 2014-2016 жылдармен салыстырғанда 31%-ға артық. 2020 жылы ақпараттық технологияларға бағытталған шығындардың мөлшері 13,2 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, жалпы алғанда, Қазақстандағы құрылыс саласына салынған инвестициялар оң динамиканы көрсетуде. Биылғы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша салаға салынған салымдар бір жыл ішінде 73,1% өсіп, 27,4 млрд теңгені құрады.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу