Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5%-ке ұлғайды

Көрсеткіштің оң өсуі 15 өңір бойынша тіркелді. 

Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5%-ке ұлғайды Фото: LSM.KZ

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты.

"Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5%-ке ұлғайды. Көрсеткіштің оң өсуі 15 өңір бойынша тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғарғы өсуі Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Ұлытау және Ақтөбе облыстарында байқалды. Биылғы жылғы қаңтарда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 39,6%-ке артық.

Ең жоғарғы көрсеткіштер Алматы және Атырау облыстарында, Алматы және Астана қалаларында байқалды", – деді спикер.

Бұл көрсеткіштің айтарлықтай төмендеуі Ұлытау облысында тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу