Бұл ақпаратты Ұлттық статистика бюросы таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (24,7%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,4%) және тұрғын үйлердің (13,4%) құрылысы алады. Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 90,1%, шетелдік – 9,2%, мемлекеттік – 0,7% орындалды.
2026 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстары көлемінің 2025жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда өсуі имараттарды салу және жөндеу жұмыстарына(19,5%) байланысты.
Өңірлік бөліністе республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау облысы (3 есе), Қызылорда (34,9%), Павлодар (32%), Атырау (27,9%), Түркістан (25,7%), Шығыс Қазақстан (24,5%), Абай (23,1%), Қостанай (22,3%), Батыс Қазақстан (17,3%) және Жамбыл облыстарында (14,7%), Алматы қаласында (23,3%) байқалады.
2026 жылғы қаңтар-шілдеде пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы алаңы 12339 мың шаршы метрді құрады.